НҰР-СҰЛТАН, 24 наурыз – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында WhatsApp мессенджерінде пәтерін жалдаған әйелді балағаттаған тұрғын жауапқа тартылды. Бұл туралы өңірлік ҚАЖД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Altaynews.kz.
Әйел отбасымен бірге пәтер жалдап тұрған. Алайда қарызы көбейіп кеткендіктен көшуге мәжбүр болған. Тұрғылықты мекенжайы болмағандықтан, ол өзінің кейбір заттары мен жеке құжаттарын сол үйде уақытша қалдырған. Алайда бірнеше күннен кейін барлық заты жоғалып кеткен.
Оқи отырыңыз: Қайын апасына смс жазған Атырау облысының тұрғыны жауапқа тартылды
Осылайша пәтер жалдаушы мен үй иесі арасында жанжал шыққан. Үй иесі WhatsApp арқылы бейәдеп сөздер айтылған аудиохабарлама жібереді. Ал жәбірленуші сол хабарламаны сақтап, сотқа арызданған.
"Сот үкімімен кінәлі деп танылған әйел 20 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылды. Қазіргі уақытта ол пробация қызметінде тіркеуге алынып, қоғамдық жұмыс істеу үшін әкімдікке жіберілді", - деді пробация қызметінің басшысы Мақсат Манарбеков.