Оқиға

ШҚО тұрғыны қар күреп жүріп көпқабатты үйдің шатырынан құлап кетті – видео

Алтай қаласының 33 жастағы тұрғыны қар тазалап жүріп төрт қабатты үйдің төбесінен құлаған
Sputnik

АЛМАТЫ, 24 наурыз – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласының тұрғыны 4 қабатты үйдің шатырында қар күреп жүріп құлап кетті, деп хабарлайды жергілікті Altaynews.kz сайты.

Полицияның хабарлауынша, оқиға 21 наурызда болған.

"Сағат түскі бір шамасында Алтай қаласының Космонавтов көшесінде 33 жастағы ер адам қар тазалау кезінде 4 қабатты үйдің төбесінен құлап кетті. Ер адам жарақат алған жоқ. Ауруханаға бармады", - деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, құлағаннан кейін ер адам қар күреу үшін шатырға қайта көтерілген.