Өңірлер

Павлодарда жүйткіп келе жатқан пойыз шұғыл тоқтауға мәжбүр болды – видео

Пойыздың жолына көлденеңдеп тұрып алған автокөлік жүргізушісі ұсталды
Sputnik

АЛМАТЫ, 24 наурыз – Sputnik. Павлодар облысында Camry автокөлігі теміржол өткелінде пойыздың жолын бөгеп тұрып алған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.

Оқиға Павлодар облысы Шарбақты ауданының Алексеев өткелінде болды. Көлік жүргізушісі пойыз машинисінің ескерту сигналына қарамастан, теміржолды бөгеп тастайды. Тек пойыз жақындаған кезде ғана орнынан қозғалды. Осылайша ол апат тудыра жаздады.

Қазақстанның көліктегі полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ләззат Қасымжанова Sputnik Қазақстан тілшісіне көлік жүргізушісінің ұсталып, Павлодар облысы Шарбақты ауданы полиция бөліміне тапсырылғанын хабарлады.

Енді тәртіп сақшылары жағдайға не себеп болғанын анықтайды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 607-бабы бойынша (теміржол өткелдерінен өту ережелерін бұзу) автокөлік жүргізушісінің кінәсі анықталса, 10 АЕК мөлшерінде (29 170 теңге) айыппұл салынады.