Өңірлер

Батыс Қазақстанда 38 жастағы әйел зейнеткерді өлтірді

Қазіргі уақытта қылмыстық кодекстің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша іс қозғалды, әйел қамауға алынды
Sputnik

АЛМАТЫ, 24 наурыз – Sputnik. Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласында әйел бөтелкелесін өлтірді. Оқиға 18 наурызда түстен кейін болған, деп хабарлады жергілікті "Мой город" басылымы.

БҚО полиция департаментінің хабарлауынша, 65 жастағы ер адам мен 38 жастағы әйел бұған дейін де бірнеше рет бірге ішімдік ішкен.

Оқи отырыңыз: Шымкентте оқушы сыныптасының әкесін өлтірді

Қайғылы жағдай марқұмның үйінде болған. Ер адам мен әйел бірге ішіп отырған кезде екеуінің арасында жанжал шығады. Содан әйел зейнеткерге бірнеше рет пышақ сұққан. Ер адам есін жимастан жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

Бұл факті бойынша қылмыстық кодекстің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша іс қозғалды.

Айта кетейік, күдікті әйел бұған дейін сотталып, түрмеде отырған.