Саясат

Жер комиссиясының құрамы жарияланды

Комиссияның төрағасы қызметіне вице-премьер Ералы Тоғжанов тағайындалды. Ал ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров орынбасары болады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 23 наурыз — Sputnik. Премьер-министр Асқар Мамин "Жер реформасы бойынша комиссия құру туралы" өкімге қол қойды. Құжатта комиссияның жалпы ережелері, міндеттері, комиссия жұмысын ұйымдастыру, оның тәртібі мен құрамы көрсетілген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Комиссияның негізгі мақсаты  - Жер кодексі жобасына қатысты нормаларды талқылау және ұсыныстарды әзірлеу.

Комиссияның төрағасы қызметіне вице-премьер Ералы Тоғжанов тағайындалды. Ал ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров орынбасары болады. Хатшы қызметін ауыл шаруашылығы министрлігі жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов атқарады.

Комиссияның құрамына депутат Айдос Сарым, қоғам қайраткерлер Жәнібек Қожық пен Мұхтар Тайжан, экономист Олжас Құдайбергенов, заңгер Бақытжан Базарбек және тағы басқа азаматтар енді. 

Айта кетейік, 2021 жылы Жер кодексінің ауыл шаруашылығы жерлерін қазақстандықтар мен шетелдіктерге жалға беру, сондай-ақ, отандық фермерлерге жерді сату нормалары бойынша мораторийдің мерзімі аяқталады. Осыған байланысты президент Қасым-Жомарт Тоқаев жер комиссияның жұмысын жандандыруды тапсырды. Үкімет қараша айында дейін Жер кодексіне тиісті түзетулерді енгізуі тиіс. 

Толық тізіммен мына құжаттан таныса аласыз.