НҰР-СҰЛТАН, 22 наурыз – Sputnik. Қазақстан өкілі Карина Кабдуллина Татарстанның Қазан қаласында өткен "Наурыз аруы-2021" сұлулық байқауының жеңімпазы атанды, деп хабарлады Татар-информ.
Байқауға Татарстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Башқұртстан және Қазақстаннан алты қыз қатысты.
Бірінші вице-ару атағы өзбекстандық Юлия Кимге берілді. Екінші вице-ару қырғызстандық Диана Зулпуеваға бұйырды.
Оқи отырыңыз: Сұлулық байқауының жеңімпазы көз жұмды
Татарстан Республикасының атынан Камилла Равилова қатысты. Ол мерекенің ең қарапайым сұлуы ретінде марапатталды.
Тәжікстан өкілі Сабрина Борзова "Ең әдемі" титулын алды. Башқұртстандық Яна Анварова "Көрермен махаббаты" номинациясында жеңіске жетті.