АЛМАТЫ, 22 наурыз – Sputnik. Қазақ журналисі Дүрәлі Дүйсебай дүниеден өтті. Қаралы хабарды журналист Қуат Әуесбай жеткізді.
"Белгілі журналист Дүрәлі Дүйсебай ағамыз өмірден озды деген қаралы хабар естідік... Дүрағамен "Халық сөзі" газетінде бірге қызметтес болдық, аңқылдаған, ақкөңіл, жан баласына қылдай қиянаты жоқ азамат еді... Қайран, Дүр-ағам-ай! Туған-туыс, достарына, әріптес баршаңызға қайғыға ортақтаса көңіл айтамын!", - деп жазды Әуесбай.
Дүрәлі Дүйсебай 1954 жылы туған. Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде оқыған.
1981-1996 жылдары "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас Алаш") газетінде қызмет атқарған.
Журналист Қазис Тоғызбаев қайтыс болды
Кейіннен Мемлкеттік тергеу комитетінің "Қылмыс пен жаза – Преступление и наказание" газетінің бас редакторы болды, ҰҚК-де, "Халық сөзі" газетінде қызмет етті.
"Қазақ спорты" газетінің бас редакторы болған.
Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Қазақстан Журналистер одағы және Сейдахмет Бердіқұлов сыйлығының иегері.