НҰР-СҰЛТАН, 22 наурыз – Sputnik. COVID-19 індетінің таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия коронавирустың "қызыл" аймағы туралы мәліметті жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазіргі таңда Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы мынадай:
- "қызыл" аймақта: Алматы қаласы, Нұр-Сұлтан қаласы, Батыс Қазақстан облысы;
- "сары" аймақта: Ақмола, Алматы, Атырау, Ақтөбе және Қарағанды облыстары;
- "жасыл" аймақта – қалған өңірлер.
Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 1208 науқас тіркелді, оның 410-ы Алматы, 203-і Нұр-Сұлтан қаласында анықталды.