Оқиға

Жас актриса жол апатынан қайтыс болды

"Газель" мен ВАЗ-2114 автокөлігінің соқтығысуы салдарынан 1997 жылы туған жолаушы оқиға орнында көз жұмды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 21 наурыз - Sputnik. Атырау-Доссор тас жолында болған апат салдарынан жастар театрының актрисасы қайтыс болды, деп хабарлайды жергілікті "Прикаспийская коммуна" басылымы.

Қайғылы оқиға 19 наурыз күні сағат 21:00 шамасында Атырау-Доссор тас жолында болған. "Газель" мен ВАЗ-2114 автокөлігінің соқтығысуы салдарынан 1997 жылы туған жеңіл көлік жолаушысы оқиға орнында көз жұмған.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі қазіргі кезде аталған факті бойынша тергеу басталғанын хабарлады.

"Апат салдарынан қайтыс болған қыз Махамбет Өтемісұлы атындағы драма театр жанындағы жастар театрының актрисасы екені анықталды", – делінген басылым ақпаратында.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда жаппай жол апаты болып, бір адам жарақат алды – видео