Қоғам

Тоқтар Серіковтың анасы дүниеден озды

Қаралы хабарды әнші Сәкен Майғазиев instagram-дағы парақшасында жеткізіп, досына қайғырып көңіл айтты
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 20 наурыз – Sputnik. Танымал әнші Тоқтар Серіковтың анасы Маруся Серікова қайтыс болды. Бұл туралы Сәкен Майғазиев instagram парақшасында хабарлады.  

"Тоқтар досым, Алла анамыздың алдынан жарылқасын. Сіздердей алтын асықтай ұлдар, инабатты қыздар тәрбиелеген аяулы анамызға Фирдаус жәннәт нәсіп болғай. Исі қазақ қайғыңа ортақ. Бекем бол", - деп жазды әнші.