Қоғам

Алматыда – қатаң карантин: Бекшин шұғыл брифинг өткізді

Сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, азық-түлік емес базарлар 21 мен 28 наурыз аралығында толығымен қызметін тоқтатады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 20 наурыз – Sputnik. Алматыда 2020 жылдың көктеміндегі сияқты қатаң карантин енгізіліп жатыр. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  

Мынадай шаралар қабылданды:

  • офлайн оқитын сыныптарда бала саны 25-тен 15-ке дейін азайды;
  • мектептерде қоғамдық тамақтану қызметі тоқтатылды;
  • 500 шарты метрге дейінгі, жеке тұрған азық-түлік емес дүкендердің жұмыс уақыты 10.00-ден 20.00-ге дейін қысқарды;
  • шаштараз салондары алдын ала жазылу бойынша тек шаш қию қызметін көрсетеді;
  • маникюр, педикюр және косметологиялық қызмет көрсететін сұлулық салондары жабылады;
  • мейманханалар, қонақ үйлер, курорттық ұйымдар, демалыс үйлерінің толымдылығы 50%-тен аспауы керек;
  • сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, азық-түлік емес базарлар 21 мен 28 наурыз аралығында толығымен қызметін тоқтатады;
  • дәмханалар мен мейрамханалар тамақты өзімен бірге әкету және жеткізу қызметін ғана көрсетеді;
  • кітапханалар уақытша жұмыс істемейді;
  • жұмыс күндері қоғамдық көлік штатты режимде, ал демалыс және мереке күндері таңертең 6.00-ден 10.00-ге дейін, кешке – 17.00-ден 22.00-ге дейін;
  • спорт нысандары жабылады;
  • ХҚКО демалыс және мереке күндері жұмыс істемейді, жұмыс күндері – жазылу бойынша 9:00-ден 18:00-ге дейін;
  • Медеу мұз айдынында жаппай сырғанауға тыйым салынды;
  • Шымбұлақ курортында адамдар саны 500-ден аспауы тиіс;
  • Шымбұлақта қоғамдық тамақтану нысандары тек өзімен бірге алып кету және жеткізу қызметін көрсетеді;
  • "Ашық" бағдарламасына енгендерді қоспағанда, бильярд, компьютерлік клубтар жабық болады.