НҰР-СҰЛТАН, 19 наурыз – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 1 264 адамның коронавирус індетін жұқтырғаны ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия.
"Ең көп індет жұқтыру жағдайы Алматы қаласында (366) тіркелді. Содан кейін Нұр-Сұлтан қаласы (285) мен Қарағанды облысында (98) анықталды", – делінген хабарламада.
Қалалар мен өңірлер бойынша:
- Нұр-Сұлтан қаласы - 285
- Алматы қаласы - 366
- Шымкент қаласы - 36
- Ақмола облысы - 50
- Ақтөбе облысы - 26
- Алматы облысы - 91
- Атырау облысы - 36
- Шығыс Қазақстан облысы - 28
- Жамбыл облысы - 18
- Батыс Қазақстан облысы - 81
- Қарағанды облысы - 98
- Қостанай облысы - 44
- Қызылорда облысы - 4
- Маңғыстау облысы - 6
- Павлодар облысы - 47
- Солтүстік Қазақстан облысы - 35
- Түркістан облысы – 13.
Жалпы, бүгінге дейін індет жұқтырғандар саны республика бойынша 229 217 адам болса, 209 630 пациент жазылып шықты. Ал 2 881 науқас көз жұмды.