НҰР-СҰЛТАН, 19 наурыз – Sputnik. Ақтаудағы мал базарда ер адамдардың сөзге келіп қалуының соңы жаппай төбелеске ұласып, бірнеше қатысушы жарақат алды, деп хабарлайды жергілікті lada.kz басылымы.
Ақтау мал базарындағы төбелес қатысушылары туралы видеоны Маңғыстау облыстық полиция департаментінің Instagram желісіндегі ресми парақшасында жариялады.
1 минут 40 секундтық видеода қауға сақалды бірнеше жігітті көруге болады. Олар келіспеушіліктің болғанын айтып, кешірім сұрайды. Сондай-ақ, кезекті бір кадрда егде жастағы ер адамның бірі: "Ол жігіттерді бұрыннан танимын. Басы тиіп кетті" деп айтады.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Маңғыстау Облысының Полиция Департаменті (@mangistaupd)
Ал тәртіп сақшылары жаппай төбелес ауызша қақтығыстан басталып кеткенін анықтаған.
"Оқиға салдарынан бір зардап шегуші Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. Экстремизмге қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері төбелеске қатысушыларды ұстап, оларды қосымша тергеу үшін бөлімшеге жеткізді", – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Аталған дерек облыстық полиция департаментінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне Қылмыстық кодекстің 293-бабы бойынша тіркелді.
Оқи отырыңыз: Жұдырық ала жүгірді: Ақтаудағы төбелес видеоға түсіп қалды
Қазіргі кезде осы фактіге байланысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ал оқиға қатысушылары ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған.