Саясат

Өзбекстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа қоңырау шалды

Әңгіме барысында Назарбаев пен Мирзиёев өңірлік күн тәртібінің қазіргі аспектілерін, сондай-ақ алдағы халықаралық іс-шаралардың кестесін талқылады
Sputnik

АЛМАТЫ, 17 наурыз – Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті. Телефон арқылы сөйлесуге өзбек тарапы бастамашы болды, деп хабарлады Елбасының ресми сайты.

"Әңгімелесу барысында тараптар бір-бірін алдағы Наурыз мерекесімен құттықтап, дәстүрлі түрде стратегиялық серіктестік, тату көршілік және екі бауырлас халықтың достығы рухында дамып келе жатқан Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қатынастардың деңгейін жоғары бағалады", - делінген ақпаратта.

Әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиёев өңірлік күн тәртібінің қазіргі аспектілерін, сондай-ақ алдағы халықаралық іс-шаралардың кестесін талқылады.

Айта кетейік, мұның алдында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлескен еді.

Әңгіме барысында екі елдің үкіметі өзара сауда-экономикалық, гуманитарлық ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін шешу бойынша келісілген жұмыстарды жалғастыра беретіні айтылды.

Президенттер бір-бірін келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтап, Қазақстан мен Өзбекстан халқына бақ-береке тіледі.

Оқи отырыңыз: Қырғызстан президенті Назарбаев туралы не ойлайтынын айтты