Видео

83 жастағы қария "Vogue" журналының моделі болды – видео

Ауыл зейнеткерінің отбасылық суреттерінің бірі белгілі италиялық журналда жарияланды. Толығырақ видеода
Sputnik

Ресейдің Челябі облысының тұрғыны Лидия Тучкова кенеттен жұлдыз болды. Оның Халықаралық әйелдер күніне орай түскен отбасылық суреті белгілі журнал бетінде шықты.

83 жастағы қария фотограф Александра Саматовамен әңгімелесіп отырып, көңілі босап кеткен. Ал фотограф зейнеткерді қолдап, "бәрі әлі алда екенін" дәлелдеу үшін суретті Vogue журналына жіберді.

Сайтқа жүктелген суретті модераторлар мақұлдап, фотоны журналда жариялады.

Толығырақ видеодан көре аласыз.