НҰР-СҰЛТАН, 16 наурыз – Sputnik. АҚШ-тың Флорида штатында жеңіл моторлы ұшақ жүріп бара жатқан автокөліктің үстіне құлап, артынша жарылды.
Қайғылы оқиға Пемброк-Пайнс қаласында, Норт-Перри әуежайының маңында болды, деп хабарлайды WSVN телеарнасы.
Жантүршігерлік әуе апаты көрші үйде орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін бірнеше минуттан соң құлады.
Бір моторлы Beechcraft Bonanza ұшағында екі адам отырған, екеуі де оқиға орнында көз жұмды.
Ал автокөліктің ішінде әйел мен бала болған. Олар ауруханаға жеткізілді, алайда көп ұзамай бала жан тапсырды.