Қоғам

Тағы бір облыс коронавирустың "қызыл" аймағына енді

Қазақстанның кейбір өңірлерінде эпидемиологиялық жағдай нашарлады. Батыс Қазақстан облысы "қызыл" аймаққа кірді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 16 наурыз – Sputnik. 16 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлады COVID-19 індетінің таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Нұр-Сұлтан мен Алматы коронавирустың "қызыл" аймағына енді
Батыс Қазақстан облысы "қызыл" аймаққа кірді, Атырау облысы "жасыл" аймақтан "сарыға" оралды.

Осылайша матрицаға сәйкес, өңірлер төмендегідей бөлінді:

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары, Батыс Қазақстан облысы

"Сары" аймақта: Ақмола, Алматы, Атырау, Қарағанды ​​облыстары.

"Жасыл" аймақта –  қалған өңірлер.