Өңірлер

Маңғыстауды шаңды дауыл басты – видео

Ақтау тұрғындары әлеуметтік желілерде шаңды дауылдың видеоларын бөлісіп жатыр. Ауа райының қолайсыздығына байланысты әуежайда Нұр-Сұлтанға ұшып шығатын рейс кешіктірілді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 16 наурыз – Sputnik. Маңғыстау тұрғындары әлеуметтік желілерде шаңды дауыл түсірілген видеороликтерді жариялап жатыр.

Маңғыстау облысының түрлі аудандарында қатты жел тұрды. Жақында төтенше жағдайлар департаменті желдің жылдамдығы секундына 17-22 метрге дейін баратынын ескерткен еді, деп жазады өңірлік "Лада" басылымы.

Бұған дейін Ақтау – Нұр-Сұлтан рейсі кешігетіні хабарланды. Синоптиктердің болжамынша, ертең, 17 наурыз да жел күшейіп, шаңды дауыл көтеріледі.

Еске салсақ, Моңғолияда қатты құмды дауыл тұрып, алты адамның өмірін қиды. Ондаған жергілікті тұрғын із-түссіз жоғалып кетті.