НҰР-СҰЛТАН, 15 наурыз – Sputnik. Білім және ғылым министрлігі ғылыми гранттарды бөлу кезінде жас ғалым әйелдер үшін квота енгізеді.
Бұл туралы ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Сіздер білесіздер, жас зерттеушілерді қолдау үшін біз ғылыми гранттарға конкурс жариялағанда арнайы квота енгіздік. Арнайы квота байқау құжаттамасында көрсетілген. Қазір біз жас ғалым әйелдердің санына қатысты да осыған ұқсас квота енгізу туралы шешім қабылдадық. Менің ойымша, бұл – уақытылы және қажетті шешім", - деді Аймағамбетов білім министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.
Оқи отырыңыз: Оқытушылардың жалақысын көбейту керек – Аймағамбетов
Бұған қоса, министр президенттің тапсырмасымен жыл сайын жас ғалымдарға кемінде 1000 грант бөлінетінін атап өтті.
Айтуынша, тиісті қаржы бөлінді, бұл бағыттағы жұмыс ұйымдастырылады.