Аңдатпа

Қазақстанда 16 наурызда қандай маңызды оқиғалар болады

Sputnik Қазақстан 16 – 20 наурызда өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)
Sputnik

16 НАУРЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

09.00 – Қазақстан үкіметінің отырысы. Күн тәртібінде: өңдеу өнеркәсібінің дамуы мен санитарлық-эпидемиологиялық жағдай мәселесі қаралады. Үкімет отырысы PrimeMinister.kz сайты мен әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда онлайн режимде көрсетіледі. Қосымша ақпарат алу үшін мына телефонға 8 (7172) 75 00 10 немесе баспасөз қызметінің press.kpm@mail.ru электрондық поштасы арқылы байланысуға болады.

09.30 – 16-18 наурыз аралығында халықаралық деңгейдегі сарапшылардың қатысуымен "Трансфузионды терапияның өзекті мәселелері" тақырыбында IX республикалық ғылыми-практикалық конференция өтеді. Іс-шара ZOOM желісінде көрсетіледі. БАҚ өклдерінің тіркелуі үшін: 8 771 375 02 10 нөміріне немесе E-mail: astana.donor@mail.ru (веб-сайт: spct.kz) Әсемгүл Рахымбайқызына хабарласу керек.

12.30 – "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ-ның 2020 жылғы қаржылық нәтижелеріне арналған баспасөз брифингі. Баспасөз брифингі Zoom Meetings платформасында онлайн режимде өтеді. Спикер – "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ басқарма мүшесі, экономика және қаржы жөніндегі бас директор Камила Бақытжанқызы Сыздықова. Баспасөз брифингіне қатысу үшін 15 наурыз сағат 18.00-ге дейін тіркеуден өту керек. Онлайн-конференция сілтемесі: https://zoom.us/j/98178215781?pwd=UGJzYm5FVWdxVTUxSVhNUmttNTgwUT0Ал тіркелу үшін байланыс нөмірлері: +7 701 3653060/WhatsApp: Электрондық пошта: noskova@pressclub.kz

12.30 – ОКҚ-да "Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында "Жақсы істер марафоны" ұлттық жобасын өткізу туралы" тақырыбында баспасөз конференциясы. Спикерлер: азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет, "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ басқарма төрағасы Лима Диас. Тікелей эфир сілтемесі: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

19.00 – "Жизель" балеті. 65 жастан асқан адамдарға жас шектеуі бар. ("Астана Опера" театры, Үлкен зал, Қонаев көшесі, 1).

19.00 – "Пранк-махаббат" спектаклі ("Жастар" театры, Есенберлин көшесі, 10).

19.30 – "Шаңырақ" музыкалық қойылымы ("QAZAQSTAN" орталық концерт залы, Мәңгілік Ел көшесі, 10/1).

Алматы

18.30 – "Келіндер көтерілісі" спектаклі (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан даңғылы, 38).

17 НАУРЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

15.00 – Еуразия ұлттық университетінде халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымының ұйымдастыруымен "Абай" кітап-альбомының тұсаукесері өтеді. Іс-шараға абайтанушылар, ғалымдар, оқытушылар мен студенттер қатысады. Альбом халықаралық ұйымның тапсырысымен Түркияда ағылшын тілінде жарық көрді. Шараға тіркелу үшін 16 наурыз сағат 20.00-ге дейін 8 702 36 36 005 (Ләйлә) нөміріне хабарласу керек.

18 НАУРЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 – Парламент сенатының отырысы. Күн тәртібінде сенаторлар "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің көлік құралдарын ұрлаумен күрестегі және олардың қайтарылуын қамтамасыз ететін ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заң жобасын қарайды. Сондай-ақ, "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің темекі өнімдеріне акциздер саласындағы салық саясатының принциптері туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасы талқыланады. Отырыс онлайн режимде көрсетіледі және қосымша сұрақтар туындаған жағдайда 8 (7172) 47 72 27 нөміріне хабарласуға болады.

20 НАУРЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

18.00 – Көктемгі күн мен түннің теңелуі қарсаңында "Астана Балет" театрында "Ұлттық хореография кеші" өтеді. Қазақстан Тәуелсіздігінің мерекесіне орайластырылған шара мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтеді. Кеш бағдарламасында театрдың визит картасы – "Ұлы Дала мұрасы" концерттік бағдарламасы болады. Көрермендер назарына хореограф, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, республикадағы қазақ билерінің жетекші режиссерларының бірі Айгүл Татидің жұмысы ұсынылады.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.