Қоғам

Атырау облысы "жасыл" аймаққа қайта оралды

Атырау облысы "сары" аймақтан шықты, қалған өңірлер матрицадағы орнын сақтап қалған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 15 наурыз – Sputnik. Дүйсенбі, 15 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлерінде эпидемиологиялық ахуалды бағалаудың матрицасы жарияланды.

Атырау облысында өзгеріс болды – өңір "сары" аймақтан "жасылға" ауысты.

Қалған өңірлер түрлі түсті матрицада өз орнын сақтады.

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары.

"Сары" аймақта: Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстары.

Тағы оқыңыз: Қазақстанның бір облысында коронавирус жұқтырған бірде-бір адам анықталмады

Қалған өңірлер "жасыл" аймақта тұр.

Еске салсақ, өткен тәулікте, 14 наурызда, Қазақстанда 1011 адамнан коронавирус анықталды. Вирус жұқтырғандардың дені Алматы қаласында – 342 және Нұр-Сұлтанда – 147.

Атырау облысында 41 адам індетке шалдықты.