Қоғам

Алматы полициясы қазақстандықтардан көмек сұрады

Күдіктінің ешқандай құжаты табылмаған, осыған байланысты тәртіп сақшылары азаматтардан көмек сұрады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 15 наурыз – Sputnik. Алматы полициясы қазақстандықтардан алаяқтық үшін ұсталған күдіктінің аты-жөнін анықтауға көмектесуді сұрады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Түрксіб ауданының полицейлері бірнеше рет алаяқтық жасаған ер адамды ұстаған. Күдікті адамдарға өзін автокөлік жөндеу шебері ретінде таныстырып, олардың ақшасын иемденіп, артынша ізін жасырып отырған.

Алматы полициясы қазақстандықтардан көмек сұрады

"Күдіктіден оның жеке басын куәландыратын ешбір құжат табылмады. Ол өзін Қырғызстанның 32 жастағы азаматымын деп таныстырды. Алайда ер адам жеке деректерін әдейі жасыруы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз", - деді аудандық полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жасұлан Тұрыспаев.

Осыған байланысты полиция күдіктіні таныған азаматтардан мына телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрады: 298-54-62; 8-701-758-67-60 және 8-775-718-35-05.