НҰР-СҰЛТАН, 14 наурыз — Sputnik. Дүйсенбі күні елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз. Оңтүстік пен шығыста ауа райы құбылмалы болады. Көктайғақ, тұман, бұрқасын болып, жел күшейеді.
Дабылды ескерту
Түркістан облысында тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.
Қызылорда облысының кей жерінде тұман түседі.
Өңірлердегі ауа райы
Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман болады. Шығыс Қазақстанда бұрқасын жүреді. Маңғыстау облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр. Алматы облысында тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді. Түркістан, Жамбыл облыстарында көктайғақ, боран болады.
Ірі қалалардағы ауа райы
Елордада күндіз 9-11 градус суық, түнде минус 21-23 градус.
Алматыда күн бұлтты. Күндіз 0-2 градус, түнде қар жауады, 9 градус нөлден төмен.
Шымкентте күндіз плюс 2-4 градус, түнде минус 6-8 градус.