НҰР-СҰЛТАН, 14 наурыз - Sputnik. Түркістан облысында ауа-райының күрт нашарлауынан Бәйдібек, Отырар, Ордабасы ауданы мен Кентау және Арыс қаласының кейбір елді мекендері жарықсыз қалды.
"Өңірде қалыптасқан қолайсыз ауа райына байланысты түннен бері "Оңтүстік жарық" мекемесінің бригадалары бүлінген желілерді қалпына келтірумен айналысып жатыр. Оған 20-ға жуық бригада, 100-ден астам маман мен 30-дан астам техника жұмылдырылды", – делінген Түркістан облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жағдай облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің жіті бақылауында. Жедел штаб мүдделі органдар мен облыс әкімінің қатысуымен құрылды.
Оқи отырыңыз: Жаңа министр Қазақстанда атом электр станциясын салуға қатысты пікір білдірді
Айта кетейік, соңғы тәулікте Түркістан облысында секундына 25-28 метрге дейін жететін қатты жел соғып, кей жерлерде жауын-шашынның соңы көктайғақ мұзға айналды.