Өңірлер

Көліктің үстіне құлады: Павлодарда құрылыс алаңында оқыс жағдай болды

Шынжыртабанды кранның құлауы салдарынан электр желісі зақымдалып, отызға жуық жеке тұрғын үй жарықсыз қалды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 14 наурыз – Sputnik. Павлодарда шынжыр табанды кран құлап, іргесіндегі көлікті зақымдап, электр желісін үзді, деп хабарлайды Sputnik  Қазақстан.

Әлеуметтік желіде жарияланған видеода құлаған кранның астында ақ түсті Lada Priora көлігі қалып қойғанын көруге болады.

Оқиға 13 наурызда 17.15-те Павлодар қаласында жекеменшік мекемеде болған. Құрылыс жұмысы кезінде шынжыртабанды кран құлап, электр желісін үзілген.

"Салдарынан 30-ға жуық жеке тұрғын үй жарықсыз қалды. 21.50-де жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары толығымен аяқталды. Оқиға орнында бес қызметкер мен бір техника жұмыс істеді", – делінген Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Апат салдарынан қайтыс болғандар мен зардап шеккендер шеккендер жоқ.

Оқи отырыңыз: Қызылордада баспалдақ құлап, келіншек балаларымен бірге жертөлеге түсіп кетті