Спорт

Қазақстандық боксшы WBO титулы үшін жекпе-жекте нокаутпен жеңілді – видео

Бұл кездесуде боксшылар WBO European нұсқасының жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуін сарапқа салған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 13 наурыз – Sputnik. MTK Global промоутерлік компаниясында "қазақ королі" атанған қазақстандық боксшы Виктор Коточигов кәсіби мансабында төртінші рет титулдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.

Титулдық жекпе-жекте қазақстандықтың қарсыласы ирландиялық боксшы Гэри Калли болды (11-0, 5 КО). Жекпе-жек он раундқа есептелген, бірақ екінші раундта Каллидің Коточиговты ауыр нокаутқа жіберуімен аяқталды. 

Айта кетейік, Коточигов осы кезге дейін WBC International белбеуі үшін үш рет күрескен кездесу өткізген және қазан айында, британдық Макси Хьюзуге ұпай санымен есе жіберген.

Оқи отырыңыз: Екінші жекпе-жек: Бекзат Нұрдәулетов 40 жастағы қарсыласын қалай жеңді – видео

Осылайша, Гэри Калли он екінші жеңісіне қол жеткізіп, Виктор Коточигов мансабындағы екінші жеңіліске ұшырады.