Видео

Әскери ұшақтың оқу-жаттығу кезінде түсірілген ғажайып видеосы

Саратовта ұзақ қашықтықтағы авиация ұшқыштарының оқу-жаттығуы өтті. Зеңгір көкте де, жерде де таспаға түсірілген ғажайып сәттерді назарларыңызға ұсынамыз
Sputnik

Оқу-жаттығу шарасына дивизияның бүкіл командалық құрамы жұмылдырылды. Алыс қашықтыққа арналған стратегиялық зымыран тасығыш Ту-160 ұшағының он экипажы да бұл шарадан шет қалмады.

Олар күндіз де, түнде де ұшып-қонумен қатар, әуеде жанармай құйды. Сондай-ақ, төмен биіктікте қатар ұшу маневрлерін жасады.

Командалық рейстерді тексеру немесе миссиялардың сапасын жақсарту деп аталатын мұндай шаралар жылына бірнеше рет ұйымдастырылып тұрады.

Бұл жолы жаттығулар Саратов облысындағы Энгельс авиабазасында өтті.