Оқиға

Алматы маңында ұшақ құлады – видео

Әуе апаты Алматы әуежайының маңында болды, деп хабарлады куәгерлер. Желіде жарияланған видеодан қою түтін көрінеді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 13 наурыз – Sputnik. Нұр-Сұлтан – Алматы бағытында ұшқан Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің ұшағы Алматы әуежайы аумағында, Қызылту елді мекенінің маңында құлады, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне дереккөз.

"Шамамен сағат 17.20-да Ан-26 ұшағымен байланыс үзілді. Алдын ала ақпарат бойынша ұшақ шекара бөлімшелерінің біріне тиесілі және ол Нұр-Сұлтаннан Алматыға ұшқан. Әуежай қызметі оқиға орнына аттанды", - деп хабарлады Алматы әуежайының баспасөз қызметі.

Алдын ала мәлімет бойынша ұшақта алты экипаж мүшесі болған.

ҰҚК Шекара қызметі кейінірек түсініктеме беруге уәде етті, басқа мемлекеттік органдардан әзірге ресми хабарлама келген жоқ.

Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті әуе апатының мән-жайы анықталып жатқанын айтты.