Қоғам

Коронавирустан қайтыс болған полицейлердің саны жарияланды

Министрдің айтуынша, бір аптаның ішінде 1,5 мың полиция қызметкері коронавирусқа қарсы екпе салдырды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 12 наурыз – Sputnik. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев коронавирустан қайтыс болған полицейлердің санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

"Пандемия басталғалы 6,5 мың полиция қызметкері коронавируспен ауырып шықты. Өкінішке қарай, 25 әріптесіміз қайтыс болды. Қазір біз алдын алу шараларына көп көңіл бөліп жатырмыз", - деді Тұрғымбаев сенатта өткен үкімет сағатында. 

Осы орайда министр вакцина алған полицейлерге де тоқталды. Оның айтуынша, бір аптаның ішінде 1,5 мың полиция қызметкері коронавирусқа қарсы екпе салдырды. 

"Облыстарға вакцина түсіп жатыр. Ұлттық ұлан қызметкерлері, қылмыстық-атқару жүйесінің мамандары – бәріміз сол вакцинаны аламыз", - деп атап көрсетті Тұрғымбаев. 

Айта кетейік, сенаттағы үкімет сағатында полицияның сервистік моделін заңнамалық қамтамасыз ету және ішкі істер министрлігін бейінді емес функциялардан босату мәселесі қаралып жатыр.