Таңертең ұйқыдан тұрып, үлкен панорамалық терезеге қараған кезде алып жер ғаламшарын көруді елестете аласыз ба?
Бұрын бұл жай тек арман мен қиял болса, енді жақын болашақта ол Жер ғаламшарының тұрғындары үшін шындыққа айналғалы тұр. Orbital Assembly компаниясы адамдар үшін ғарыштағы ең алғашқы қонақ үй салады. Бұл таңғаларлық жобаның құрылысы 2027 жылы аяқталады деп жоспарланған.
Ғарыш станциясы Жер айналасындағы төменгі орбитада орналасады. Мұнда тек қонақ үй бөлмелері ғана емес, жеке вилла салуға арналған орындар да қарастырылған.
Voyager Station нысанының қонақтары үшін барлық қолайлы жағдай жасалады. Мұнда дәмхана, сауықтыру орны, жаттығу залы, кітапхана, концерт алаңы мен Жер бейнесін тамашалап отырып, сусын шуге арналған арнайы бар жобаланып отыр.
Ғарыштағы қонақ үй 400 адамға есептелген.
Voyager Station құрылымында жасанды гравитация құруға арналған айналмалы сақинаға жекелеген капсулаларды бекіту қарастырылған.
Оқи отырыңыз: Құймақ әзірлеген әлем жұлдыздары – фото
Ғарыш кемесінің басқа бөлігінде экипажға, ауа, су және электр энергиясының қорына арналған орындар болады.
Ғарыштағы қонақ үйді құрастырумен STAR (Structure Trust Assembly Robot) роботы айналысады.
Әзірше ғарыш нысанының құрылысына жұмсалатын қаражат пен ғарышқа саяхат бағасы туралы мәлімет жоқ. Дегенмен, Voyager Station қонақ үйіндегі бөлмелердің қандай болатыны белгілі.