Әлем

Тележүргізуші тікелей эфир кезінде өліп қала жаздады – видео

Колумбиялық тележүргізушінің әріптестері декорацияның құлағанын көрсе де, оқыс жағдайдан кейін эфирді тоқтатқан жоқ  
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз – Sputnik. Колумбияда ESPN спорт телеарнасының жүргізушісі Карлос Ордуз бір ажалдан аман қалды. Кеше студиядағы тікелей эфир кезінде оның үстіне үлкен декорация құлап кетті, бірақ ауыр жарақат алған жоқ.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

​Бәрі қас қағым сәтте болды – мұндай жағдайды ешкім күтпесе керек. Жүргізушінің әріптестері есеңгіреп қалды, бірақ эфирді үзбей, матчқа қатысты түсініктеме беруін жалғастырды.

Біраз уақыттан кейін жарнамаға кезек берілді, ал көрермендер интернетте Карлос Ордузға не болғанын сұрастыра бастады.

"Кешіріңіздер": тележүргізуші тікелей эфирде ыңғайсыз жағдайға қалды – видео 

Тележүргізуші Twitter-дегі аккаунтына бірнеше хабарлама қалдырып, өзінің денсаулығына алаңдағандардың барлығын тыныштандыруға асықты.

"Кеше болған оқиға туралы маған жазғандардың барлығына жағдайым жақсы екенін хабарлаймын. Құдайға шүкір, медициналық тексеруден кейін дәрігерлер алаңдайтындай ауыр жарақат таппады. Тек мұрнымды көгертіп, ауыртып алдым, еш жерім сынбады", - деп жазды Ордуз.

Ол өзінің амандығы үшін алаңдағандардың барлығына алғысын білдірді.