Экономика

Министр Қазақстан экономикасы қандай жағдайда екенін айтты

Халықаралық рейтинг агенттіктері 2021 жылғы Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің өсуін 3,2-3,8% деңгейінде болжап отыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз – Sputnik. Қазақстанда ақпан айында жалпы ішкі өнім минус 2,9%-ті құрады. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министр биыл қаңтар-ақпан айында макроэкономикалық көрсеткіштерде оң үдеріс байқалғанын атап өтті.

"Жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны қаңтардағы минус 4,5%-тен қаңтар-ақпанда минус 2,9%-ке дейін жақсарды", – деді Ерғалиев үкімет отырысында.

Жылдық инфляция 7,4% деңгейінде сақталған.

Кен өндіру өнеркәсібін қоспағанда, нақты секторда өсім 6,3%-ке дейін жеделдеді. Негізгі капиталға инвестиция 13,3%-ке артты.

Жалпы, оның айтуынша, кен өндіру өнеркәсібінен басқа, нақты сектордың барлық саласы тұрақты өсім көрсетті. Олар құрылыс, сумен жабдықтау, өңдеу өнеркәсібі, электрмен жабдықтау және ауыл шаруашылығы салалары. Сонымен қатар, ақпарат пен байланыс саласы 9,4%-ке өсті.

Оқи отырыңыз: Жалған құжат жасайтындар көбейген: Ақорда көлеңкелі экономика туралы деректер жариялады

Халықаралық рейтинг агенттіктері 2021 жылғы Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің өсуін 3,2-3,8% деңгейінде болжап отыр.