Саясат

Тоқаев бірнеше ұсыныс айтты

Қазақстан президенті Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының алдағы дамуына байланысты бірқатар ұсыныс айтты
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы Станислав Засьты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.  

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы мемлекет басшысын ұйымның қазіргі жағдайы мен даму болашағы туралы хабардар етті. Кездесу барысында халықаралық ұйым қызметінің негізгі бағыттары бойынша ауқымды мәселелер қаралды.

Оқи отырыңыз: Қазақстан мен Қырғызстан президенттері бірлескен мәлімдеме жасады 

Станислав Зась ҰҚШҰ бас хатшысының бітімгершілік мәселелері жөніндегі арнайы өкілі институтын құру туралы Қазақстан президентінің бастамасын іске асыру бойынша ұйым хатшылығы жүргізіп жатқан жұмыс туралы баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев ұйымның алдағы дамуына байланысты бірқатар ұсыныс айтып, Қазақстан тарапының ҰҚШҰ шеңберінде саяси ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және оның әлеуетін арттыруға дайын екенін атап өтті.