НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз – Sputnik. Қырғызстанда халықаралық террористік ұйымның мүшелері ұсталды, деп хабарлайды елдегі мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті.
Қырғызстанда қарулы жиһад жоспарлағандардың жолы кесілді
© Photo : ГКНБ Кыргызстана
Қырғызстан мен шетел азаматтарын ұстау кісі өлтіруге дайындық фактісі бойынша қылмыстық іс аясында жүргізілген. МҰҚК ұсталған үш азаматтың суретін жариялады, деп жазады Sputnik Қырғызстан.
"Бұл топтың жұмысын Сирия аумағындағы халықаралық террористік ұйымның басшылары үйлестіріп отырған. Олар елдегі қоғамдық-саяси жағдайды тұрақсыздандыру арқылы Қырғызстанда қарулы жиһад ұйымдастыруды көздеген. Топтың кейбір мүшелері террористік ұйымдардың лагерінде арнайы жауынгерлік дайындықтан өткен", – делінген хабарламада.
Тергеу нұсқасы бойынша, күдіктілер қолдан жасалған жарылғыш зат пен атыс қаруын қолдану арқылы кісі өлтіруді жоспарлаған. Қазір олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Оқи отырыңыз: Қазақстандықтардың жеке мәліметін сатқан полицейлер ұсталды