Қоғам

Нұр-Сұлтан мен Алматы коронавирустың "қызыл" аймағына енді

Жаңартылған мәліметке сәйкес, Қазақстанның астанасы мен Алматы қаласында эпидемиологиялық көрсеткіштер нашарлады. Бір күн бұрын бірде-бір өңір "қызыл" аймақта болмады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз – Sputnik. Нұр-Сұлтан мен Алматыда COVID-19 індетінің таралуы бойынша эпидемиологиялық жағдай нашарлады, соңғы тәулікте бұл қалаларда коронавирус жұқтырғандардың саны артты.

Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан мен Алматы "қызыл" аймаққа кірді, бұл шектеу шараларының күшейтілетінін білдіреді.  

"Сары" аймақта Ақмола, Батыс Қазақстан, Атырау, Павлодар облыстары тұр.

Қалған өңірлер "жасыл" аймақта.

Айта кетейік, кеше Қазақстан "сары" аймақтан "жасылға" ауысты.   

Оқи отырыңыз: Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша "сары" аймақтан шықты 

9 наурыз таңертеңгі мәлімет бойынша өткен тәулікте Қазақстан астанасы мен Алматыда 100-ден астам адамнан вирус табылған.

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирустық инфекциясын жұқтырған 693 науқас тіркелді, деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.