Әлем

АҚШ-та мектепке бомба алып барған оқушы жараланды

Төтенше жағдайға байланысты Ньюейго елді мекенінде мектептегі барлық адамдар эвакуацияланды
Sputnik

АЛМАТЫ, 9 наурыз – Sputnik. АҚШ-та мектеп оқушысы үйде жасалған жарылғыш бомбаны мектепке алып барған. Жарылғыш зат сынып ішінде кездейсоқ іске қосылып, бес оқушы мен бір мұғалім зардап шекті.

Оқиға АҚШ-тың Мичиган штатына қарайтын Ньюейго елді мекенінде болды, деп хабарлады жергілікті полиция Twitter-де.

"Алдын ала тергеу 16 жастағы оқушының үйде жасалған жарылғышты мектепке алып келгені және оның кездейсоқ жарылғанын көрсетті. Құрылғы сынып ішінде іске қосылған. 16 жастағы оқушының өзі мен оның төрт сыныптасы жарақат алды", – делінген ақпаратта.

Төтенше жағдайға байланысты мектептегі барлық адамдар эвакуацияланды.

Оқи отырыңыз: Қостанайдың сауда орталығына жасөспірімдер "жарылғыш зат" алып келді

Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласында көпқабатты тұрғын үйге жарылғыш зат қойылғаны хабарланған. Соған байланысты тұрғындар эвакуацияланып, іздеу шаралары жүргізілгенімен, тұрғын үйден жарылғыш зат табылмады.