АЛМАТЫ, 8 наурыз – Sputnik. Ресейлік онколог, профессор Александр Серяков шұжықтың темекіден де қауіпті екенін айтты. Маманның сөзінше, 50 грамм шұжық бір қорап темекіге тең.
"Зерттеулерге сәйкес, күнделікті 50 грамм осындай өңделген тағамдарды тұтыну тоқ ішек қатерлі ісігінің даму қаупін 18%-ке арттырады", - деді ол "Прайм" агенттігіне.
Оның айтуынша, тек шұжық қана емес, өңделген еттен жасалған сосиска, ветчина, ет консервілері де осы қатарға кіреді. Ал маманның айтуынша, арасында ең зияны – сүрленген шұжық.
"Қатерлі ісік пайда болуы тұрғысынан ең қауіпті – сүрленген шұжық. Себебі сүрлену кезінде одан көп түтін шығады, оның құрамында көптеген зиянды зат бар. Мұндай шұжық құрамында нитриттермен қатар, қатерлі ісік пайда болуына әкелетін бензпирен болуы мүмкін", - деп түсіндірді дәрігер.
Ол бұл зат сүрлену кезінде бөлінетінін айтты.
Маман денсаулығына көңіл бөлетін адамдар ет дайындау процесі туралы ойлануы керек деп санайды. Себебі еттің сақталу мерзімін ұзарту үшін және дәмін өзгерту үшін өндірушілер оны термиялық өңдеу, сүрлеу, тұздау, консервілеу секілді өңдеуден өткізеді.