Спорт

Әлемге танымал қазақ қызы басшылық қызметке тағайындалды

Сондай-ақ, шахматтан әлем чемпионы Сәдуақасова халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағына ие болғанын хабарлады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 7 наурыз – Sputnik. Қазақстандық Динара Сәдуақасова FIDE халықаралық шахмат федерациясы спортшыларының комиссиясын басқарады. Бұл туралы спортшы Instagram желісінде хабарлады.

"Қуанышты жаңалығымды бөлісіп отырмын – ФИДЕ спортшылары комиссиясының төрағасы болып тағайындалдым", - деп жазды Сәдуақасова.

Ол комиссия шахматшылардың мүддесін табысты қорғайды деп сенеді.

"Қазақстан шахмат федерациясы Динара Садуақасованы FIDE спортшылары комиссиясына төраға болуымен құттықтап, жемісті әрі нәтижелі жұмыс істеуіне тілектестік білдіреді", - делінген Қазақстан шахмат федерациясының сайтында.

Сондай-ақ, шахматтан әлем чемпионы Сәдуақасова халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағына ие болғанын хабарлады.