Қоғам

Алматылық еден жуушының керемет өзгерісі жұртты тәнті етті – фото

Мұсатаев өзгеруге арналған жобасын Халықаралық әйелдер күніне орайластырған. Пилоттық түсірілімге модель ретінде 36 жастағы Луиза таңдалды
Sputnik

АЛМАТЫ, 6 наурыз – Sputnik. Алматылық продюсер Әлихан Мұсатаев өзінің Instagram парақшасында жаңа жобасы туралы айтты. Оның алғашқы кейіпкері еден жуушы келіншек болды.

Мұсатаев өзгеруге арналған фотожобасын Халықаралық әйелдер күніне орайластырған. Пилоттық түсірілімге модель ретінде 36 жастағы Луиза таңдалды. Ол Шымкенттен Алматыға көшіп келген. Бизнес орталықта қызмет етеді, екі баланың анасы.

"Жобам бір жарым күн ішінде жүзеге асырылды. Сенім білдіріп, қатысқаны үшін Лиузаға рақмет. Қыздар, нәзікжандылар жұмысыңыз, жалақыңыз, тұрмыс құрып-құрмағаныңыз, балаңыздың бар-жоғы маңызды емес. Бастысы - Сіздер әрдайым кереметсіздер!", - деді продюсер.

Ол әйелдердің дені өз суретінің журнал бетіне шығуға лайық екеніне сенімді емес деп отыр. Сондықтан жаңа жоба бұл мүмкін екенін дәлелдейді.