Қоғам

Қазақстанда жаңа мереке пайда болуы мүмкін

"Ашық НҚА" порталында жарияланған құжат жобасын қоғамдық талқылау 2021 жылдың 25 наурызына дейін жалғасады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз – Sputnik. Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қазақстан Республикасындағы мерекелер тізіміне қосымша енгізетін үкімет қаулысының жобасын дайындады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Соның негізінде Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесі төмендегідей тармақпен толықтыру ұсынылды.

"Мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" үкімет қаулысы төмендегідей мазмұнда толықтырылсын: "15 сәуір – мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы жұмыскерлер күні", – делінген ақпаратта.

Аталған құжат жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды. Қоғамдық талқылау үдерісі 2021 жылдың 25 наурызына дейін жалғасатын болады.

Оқи отырыңыз: 2021 жылғы атаулы күндер мен мерейтойлар