НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз – Sputnik. Елордада "Халықаралық сауда орталығы" тұрғын үй кешені ғимаратында өрт шықты.
"5 наурыз күні сағат 11.48-де өрт сөндіру бөлімнің қызметкерлері шұғыл түрде Достық көшесінде орналасқан "Избушка" дәмханасына аттанды", – делінген астаналық төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.
Үш техника мен 13 қызметкер оқиға орнына келгенде "Дастархан" дәмханасының ішіндегі ас бөлме мен желдету жүйесінде өрт шыққаны анықталды.
Оқи отырыңыз: Өрт сөндіруші көз жұмды: Ақсуда қайғылы оқиғаның қалай болғаны айтылды
Желіде жарияланған видеода қою қара түтін мен өрт сөндірушілердің тілсіз жаумен күресіп жатқанын көрінеді.
Мамандардың айтуынша, өрт сағат 12.10-да оқшауланған.