НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз – Sputnik. Қарттарды өлтірді деген күдікпен екі ер адам ұсталды, олардың бірі марқұмдармен таныс болған.
1 наурыз күні Алтынсарин ауданының Щербаково ауылында жеке үйден зорлықпен өлтірілген 84 жастағы ер адам мен 75 жастағы әйелдің денесі табылды, деп жазды өңірлік "Алау" басылымы.
Полиция қызметкерлері бұл фактіні Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Адам өлтіру" және 192-бабы "Қарақшылық" бойынша тіркеді.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы, облыстық полиция департаментінің басшылығы келді.
Полицияның мәліметіне сәйкес, жедел-іздестіру шаралары барысында 31 және 32 жастағы күдіктілер анықталып, ұсталды. Қаскүнемдердің бірі зардап шегушілермен таныс болған, ол бұрын сол ауылда тұрған.
Сарыағаш тұрғыны зейнеткерді өлтіріп, денесін ауласына көміп тастаған
"Күдіктілер облыс орталығынан ауылға зейнеткерлерді тонау мақсатында келген. Ер адамдар ақша талап етіп, зейнеткерлерге пышақ жарақатын салған", - деп жазды басылым полицияға сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.