Оқиға

Шымкентте куәгерлер "қыз алып қашқандарды" видеоға түсіріп алды

Видеоның кейіпкері полицияға көлікке өз еркімен отырғанын, ешкімге арыз-шағымы жоқ екенін жеткізді   
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз – Sputnik. Шымкенттегі "қыз алып қашу" операциясының кейіпкері өзіне зорлық-зомбылық жасалмағанын, тек жігітімен ренжісіп қалғанын айтып берді, деп хабарлады Polisia.kz.     

2021 жылдың 3 наурызында сағат 20:00 шамасында Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби аудандық полиция басқармасына қаладағы қонақ үйлердің бірінің алдында "Lexus" маркалы автокөлікке белгісіз біреулердің жас қызды мәжбүрлеп отырғызып, алып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.

Жедел-тергеу тобы оқиға орнына дереу жетіп, мән-жайды анықтады.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында қыз алып қашқан бес жігіттің басы бәлеге қалды 

Әлеуметтік желіге жүктелген видеоның кейіпкері – 1999 жылы туған қыз өзінің жігітімен ренжісіп қалғанын және оның көлігіне өз еркімен отырғанын, сондай-ақ ешкімге арыз-шағымы жоқ екенін, куәгерлердің болған жағдайды дұрыс түсінбей, полицияға хабарлағанын жеткізді.