Қоғам

Алматыда босанған әйел перзентханада көз жұмды

Кейбір мәліметтерге сүйенсек, әйел перзентханаға түскеннен кейін туыстарына ауруханадағы сыбайлас жемқорлыққа шағымданған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз – Sputnik. Алматыда перзентханалардың бірінде әйел көз жұмды. Бұл фактіні қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы растады.

"Ана өлімі 2 наурызда тіркелді. Қазіргі таңда перзентханада тергеу шаралары жүріп жатыр. Сот-медициналық сараптама аяқталған соң, қорытынды аламыз", - деді қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағалиева онлайн брифингте.

Босанған әйелдің өлімі туралы жекелеген БАҚ бейсенбі, 4 наурызда хабарлаған еді. Пациент өлерінің алдында туыстарына ведомстводағы сыбайлас жемқорлыққа шағымданған.

"Жемқорлық фактілері туралы ақпарат түскен жоқ. Бірақ, егер бұған қатысты тергеу жүріп, бәрі дәлелденсе, біз өз тарапымыздан шара қабылдаймыз", - деп мәлімдеді Мырзағалиева.

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі Sputnik Қазақстанға әйелдің сәбиі аман қалғанын нақтылады.

"Қазір оның жағдайы қанағаттанарлық", - деді ведомстводан.

Мырзағалиева босанған әйелдің өліміне аурухана басшылығы кінәлі екені анықталса, басқарма қатаң шара қабылдайтынын жеткізді.