НҰР-СҰЛТАН, 3 наурыз – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 717 адамнан ПТР арқылы коронавирус індеті анықталды.
Бір тәулік бұрын елде 658 адам індетке шалдыққаны хабарланған болатын. Ал екі күн бұрын көрсеткіш - 622 адам болды.
Өткен тәулікте Алматыда жүзден астам адам вирус жұқтырды. Алматыдан кейін коронавирусқа шалдыққандар саны бойынша Павлодар, Ақмола облыстары мен Нұр-Сұлтан антирейтинг басында тұр.
Аймақтар бойынша:
- Нұр-Сұлтан қаласы - 68,
- Алматы қаласы - 105,
- Шымкент қаласы - 12,
- Ақмола облысы - 69,
- Ақтөбе облысы - 12,
- Алматы облысы - 51,
- Атырау облысы - 35,
- Шығыс Қазақстан облысы - 49,
- Жамбыл облысы - 9,
- Батыс Қазақстан облысы - 64,
- Қарағанды облысы - 46,
- Қостанай облысы - 61,
- Қызылорда облысы - 14,
- Маңғыстау облысы - 12,
- Павлодар облысы - 79,
- Солтүстік Қазақстан облысы - 25,
- Түркістан облысы - 6.
Жалпы пандемия басталғалы ел бойынша ауырғандар саны 214 806.