Спорт

Головкиннің қарсыласы және жекпе-жек өтетін күн белгілі болды

Хайме Мунгиамен жекпе-жек 7 мамырда Американың Техас штатында өтеді. Оны DAZN платфорамасы көрсетеді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 3 наурыз – Sputnik. IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мексикалық Хайме Мунгиамен (36-0, 29 КО) жұдырықтасады. 

Ringpolska порталы таратқан мәліметке сәйкес, жекпе-жек 7 мамырда АҚШ-тың Техас штатында өтеді. Оны DAZN платфорамасы көрсетеді.

Мексикалық Хайме Мунгианың жасы – 24-те. Бұрын супер орта салмақтағы чемпион болған. Ал өткен жылы қаңтар айында орта салмаққа түсіп, екі жекпе-жек өткізді. Екеуінде де жеңіске жетті. Алдымен ирландиялық Гэри О'Салливанды жеңсе, одан кейін Багам аралдарынан келген Туреано Джонсоннан басым түсті.

Оқи отырыңыз: "Канело" Йылдырымды жеңгеннен кейін тосын оқиға болды –  видео 

Ал Головкин  Сауль Альвареске қарсы үшінші жекпе-жекті күтпейді. Себебі Канело супер орта салмаққа ауысып кетті. WBO чемпионы Деметриус Андрадемен жұдырықтасуға мүмкіндік жоқ. Америкалық боксшы өз титулын британдық Лиам Уильямсқа қарсы жекпе-жекте қорғауға міндеттелген.