Әлем

Фейктер фабрикасы қайдан пайда болды

2018 жылы Сили Скрипальдердің улануы бойынша парламентте Bellingcat агенттігі үшін "баспасөз мәслихатын" өткізді. Сили Хиггинс пен Грозевті "біздің заманымыздың Шерлок Холмстары" деп таныстырып, олардың цифрлық детективті зерттеулерін мінсіз деп бағалады
Sputnik

Соңғы кездері Bellingcat агенттігінің атауы қайтадан жаңалықтарда жиі айтылып жүр. Осы агенттіктің негізін қалаушы ретінде танымал "Элиот Хиггинс" кітап шығарды. Оның әріптесі "Христо Грозев" (оны "Морис Ракушицкий" деп те атайды) жалған ақпарат таратқандарды әшкере етуге уәде берді. Негізінде, бұл аса үлкен ізденіс емес, ол көбіне журналистік зерттеуге ұқсайды. РИА Новости Bellingcat фирмасы қалай құрылғанын зерттеп көрді.

Еуропа Ресейді коронавирус туралы жалған ақпарат таратты деп айыптады
2010 жылдың басында Ауғанстандағы америкалық әскери барлау қызметінің басшысы Майкл Флинн "Барлау қызметін қалай қалыпқа келтіруге болады" деген қызықты баяндама жариялады. Партизан соғысында барлау қызметі тойтарыс беруден қиналды.

Флинн қосалқы авторлармен бірге әріптестерін жергілікі тұрғындардан, журналистерден, коммерциялық емес ұйымдардан, әйелдер ұйымдарынан, БҰҰ қызметкерлерінен, азаматтық белсенділерден мәлімет жинауға шақырды. Яғни тек әскери мәлімет емес, елде болып жатқан барлық оқиғалар туралы ақпарат қажет болды. Содан кейін қолға үскен ақпаратты НАТО бойынша одақтастарға, журналистерге, КЕҰ, жалпы барлығына жария ету мүмкіндігі туды.

Осылайша, жинақталған мәліметтер Флиннің тапсырмасы бойынша ең мықты аналитиктермен сұрыпталды. Сауатты іріктеліп ұсынылған ақпарат мықты қаруға айналды. Ол жергілікті тұрғындарға басқыншылардың қамқорлығын паш етіп, оларды партизандардан алыстатты. Сондай-ақ Таяу Шығысқа заң мен тәртіп алып келген америкалық демократияны мінсіз етіп көрсетті.

Шамамен дәл осы кезде Ұлыбритания армиясының офицері Боб Сили Ауғанстанда қызмет атқарды. Ағылшын газеттері оны барлаушы деп атағанмен мұның ешқандай дәлелі жоқ. Бәлкім, 2008 жылдан 2017 жылға дейін Иракта, Ауғанстанда, Ливияда және Сирияда Боб Сили шынымен де басқа іспен айналысқан болар.

Сили қазір бұқараға таныс саясаткер болған күнде де өзін аса құпия ұстайды. Яғни осы күнге дейін ол өзінің жақындарымен, ата-анасымен немесе аса құпия әйелімен түскен суретті еш жерде жариялаған емес. Сили барлық жерде жалғыз жүреді.

Оның өмірбаяны да қызықты деректерге толы. Ол жүз жыл бұрын Англиядағы ең бай әулеттердің бірі болған танымал отбасында туған. Арғы тегінде өңкей арондар, губернаторлар, министрлер мен парламентарийлер бар. Жанұядағы ұл балалардың барлығы Хэрроуда білім алған. 2017 жылы Уайт аралындағы ірі жер иеленуші ретінде жергілікті тұрғындар Силиді парламент депутаты етіп сайлады. Шенеунік консерваторлар атынан сөйлеп, антиресейлік бағытқа қолдау көрсетіп келеді.

Хэрроуды тәмамдаған соң Сили посткеңестік кеңістікте стрингер болып қызмет атқарды. Ол Киевтен, Триаспольден, Шешенстаннан The Times газеті үшін репортаж жазып отырды.

2012 жылдың басында интернет кеңістігінде "Қараторы Моисей" блогы пайда болды. Бұл Фрэнк Заппа әнінің атауы. Ал Сили рок-музыканы жақсы көреді. Ол бір кездері британдық MTV арнасында жұмыс істеген.

Еуропа елдері кімге өкпелі?
Кейінірек БАҚ "Қараторы Моисейді" теңдессіз блогер деп атайды. Алайда оның жазбаларын оқу нағыз азапқа тең еді. Бұл газетте жарияланған мақалалардың жиынтығы іспеттес.

Бастапқыда "Моисей" News Corporation мекемесінде Руперт Мердоктың жеке мәліметтерін ұрлау бойынша даулы оқиға жайлы жазып отырды. Ол арнайы қызмет өкілдері австралиялық медиамагнатқа жұмыс істейтіні туралы сезіктене бастаған өз оқырмандарының назарын Скотленд-Яр бағытына бұруға тырысты. Бірақ ол ойы іске аспады.

Біршама уақыттан соң "Моисей" Сирия тақырыбына ауысып, Сириядан YouTube желісіне жүктелген видеоларды елең еткізер тақырыппен жариялай бастайды. Ешбір зерттеу, ешқандай тексеру жоқ. Мұны аналитика немесе барлау деп атау қиын. Бұл цензураға толық үгіт-насихаттың дәл өзі.

Дәл осы уақытта The New York Times газетінің әскери тілшісі, басылымның Мәскеудегі бюросына жетекшілік еткен Си Джей Чиверс Хорватиядан Сирияға жеткізілген қару-жарақ жайлы зерттеу материалын жариялайды. Ол өз жұмысына қажетті материалдарды "Қараторы Моисей" лақап атымен жазатын, "Элиот Хиггинс" есімді блогерден алғанын мәлімдейді. Осы сәттен бастап британдық және америкалық БАҚ Элиот Хиггинстің жұлдызын жақты десек те болады. Бірақ Хиггинстің ата-анасы, туыстары, алдыңғы қызметі, оқу орны, бала-шағасы жайлы бірде-бір нақты мәлімет жоқ. Сондықтан оның ойдан құрастырылған кейіпкер болуы да ғажап емес.

Bellingcat агенттігін Хиггинстің атына жазып берген соң Ресейге қарсы барлық "ақиқаттар мен әшкерелеулер" дәл осы агенттікте жарияланып келді. Бірақ олардың барлығы дәлелі жоқ айыптаулар еді. Әйтсе де олар Ресейге қарсы шабуылдау мен санкциялар енгізуге себепші болды.

Ол әскери аналитик ретінде жалған ақпаратқа, арандатуға, әлеуметтік желідегі белсенді іс-шараларға негізделген "соғыстың" тақырыптарын ойлап табумен айналысады. Бұл Bellingcat агенттігінің қызметімен бірдей.

2018 жылы Сили Скрипальдердің улануы бойынша парламентте Bellingcat агенттігі үшін "баспасөз мәслихатын" өткізді. Сили Хиггинс пен Грозевті "біздің заманымыздың Шерлок Холмстары" деп таныстырып, олардың цифрлық детективті зерттеулерін мінсіз деп бағалады.

Сол уақыттан бері парламентарий Bellingcat агенттігін өз қанатының астына алып, қамқорлық танытып келеді. Парламент Элиот Хиггинсті Атлантикалық кеңес пен Генри Джексонның кембридждік қоғамына мүше етті. Бұл Ресейге жаны қас аналитикалық орталықтардың бірі. Қалай болғанда да, Bellingcat секілді агенттіктер гибридтік соғыстағы мінсіз қару болып отыр.