Өңірлер

Ақтауда жоғалған қыздың мәйіті жағалаудан табылды

Бойжеткен кешкі уақытта 11-шағын аудандағы үйден теңіз жағалауына қарай бет алып, қайта байланысқа шықпаған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 3 наурыз – Sputnik. Бірнеше күн бұрын Ақтау қаласында 2002 жылы туған қыздың іздестіріліп жатқаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тараған болатын, деп хабарлайды жергілікті инАктау порталы.

Ақпараттық парақшаларда бойжеткен 23 ақпан күні кешкі уақытта 11-шағын аудандағы үйден шығып, таксимен теңіз жағалауына қарай бет алғаны айтылады. Содан кейін ол байланысқа шықпаған.

"Теңіз жағалауынан оның жеке заттары: курткасы мен жейдесі және ұялы телефоны табылды", – делінген хабарламада.

25 ақпан күні қыздың анасы полицияға хабарласып көмек сұрады. Сол күні полицейлер 4 "А" ықшамаудандағы жартасқа жақын маңнан қыздың мәйітін тапты және оның денесінде зорлық белгілері анықталмады.

"Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі (өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – делінген Маңғыстау облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Қостанайда құдықтан табылған мәйіт ауыл тұрғындарын есеңгіретіп тастады