НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 806 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды.
Аймақтар бойынша:
- Нұр-Сұлтан қаласы - 137
- Алматы қаласы - 105
- Шымкент қаласы - 12
- Ақмола облысы - 70
- Ақтөбе облысы - 12
- Алматы облысы - 64
- Атырау облысы - 39
- Шығыс Қазақстан облысы - 48
- Жамбыл облысы - 20
- Батыс Қазақстан облысы - 66
- Қарағанды облысы - 40
- Қостанай облысы - 64
- Қызылорда облысы - 6
- Маңғыстау облысы - 5
- Павлодар облысы - 79
- Солтүстік Қазақстан облысы - 30
- Түркістан облысы - 9
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 212 018.
Еске сала кетсек, Қазақстанда 1 наурыздан бастап карантин жеңілдетіледі.
7 күн бойы "жасыл аймақта" тұрған өңірлерде осы жылдың 1 наурызынан бастап рұқсат етіледі:
цирктердің, бильярд клубтарының, балалар ойын-сауық орталықтарының жұмыс істеуіне – толымдылығы 30%-ке дейін;
спорттық іс-шараларды өткізуге (30%-ке дейін), жұма намазын оқуға (30%-ға дейін) және ас беру рәсімін өткізуге (30%-ке дейін, 50 адамнан артық емес).
7 күн бойы "сары аймақта" болған өңірлерде осы жылдың 1 наурызынан бастап жабық базарлардың (азық-түлік, азық-түлік емес), сауда және ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда желілерінің жексенбі күндері жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.