Қоғам

Қазақстанда күн жылынады: демалыс күндері ауа райы қандай болады

Қазақстанның басым бөлігінде солтүстік-батыс циклонының әсерінен ауа температурасы көтеріледі, деп болжады синоптиктер
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан — Sputnik. Қазақстанда 27 ақпан – 1 наурыз аралығында күн жылынады, деп хабарлады Қазгидромет.

Алдағы үш күнге болжам жасаған синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде солтүстік-батыс циклонының әсерінен ауа температурасы көтеріледі. Күндіз батыс өңірлерді қоспағанда, ауа райы айтарлықтай жылынады.

"Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысынан басқа жерлерде қар-жаңбыр жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейіп, боран соғады", - деп хабарлады Қазгидромет.

26 ақпанда республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы, кей жерлерде қар жауады, батыста жаңбыр, қар жауады. Тек еліміздің оңтүстігі мен солтүстігінде жауын-шашын түспейді. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасындатып, жел күшейеді. Еліміздің көптеген өңірінде дабылды ескерту жарияланды.

Оқи отырыңыз: Үсті-басын қар басқан қостанайлық полицейдің фотосы желіде қызу талқыланып жатыр

Айта кетейік, бұған дейін  Қазақстанда облыстық және республикалық маңызы бар жолдардың 50-ден астам учаскесі жабылды. ТЖМ көлік жүргізушілерінен аса қажеттілік болмаса, жолға шықпауды сұрады.